Borusan CAT Қазақстан компаниясының жеткізушілеріне арналған бөліміне қош келдіңіз!
«Сатып алудың ішкі қағидаларына сәйкес барлық өтінімдер мен коммерциялық ұсыныстар тек ресми сайт арқылы және төменде көрсетілген қағидаларға сәйкес қабылданып қаралады».
Біз төмендегі санаттардағы сатып алулар бойынша қажеттілік туындаған кезде байланысатын әлеуетті жеткізушілер пулын қалыптастырып жатқанымызды қуана хабарлаймыз:
- Сақтандыру
Жылжымалы/жылжымайтын мүлікті сақтандыру қызметтері, жүкті және қызметкерлерді сақтандыру.
- Логистика
Жүктерді тасымалдау, қоймалау және кедендік ресімдеу қызметтері, кран қызметтері, сертификаттау қызметтері
- Арнайы киім
Арнайы киімді және жеке қорғаныш құралдарын жеткізу
- IT
Бағдарламалық жасақтаманы, аппараттық жасақтаманы және IT қызметтерін сатып алу.
- Құрал-саймандар және басқа да техникалық тауарлар
Өндірістік қажеттіліктерге арналған құрал-саймандар мен жабдықтарды жеткізу, электр техникалық тауарлар, сантехникалық тауарлар, өндірістік мақсаттарға арналған шығын материалдары, өнеркәсіптік химия
- Маркетинг
Маркетингтік зерттеулер қызметтері, дизайн, баспа өнімдері, сыртқы жарнама, іс-шараларды ұйымдастыру
- Әкімшілік-шаруашылық
Күзет қызметтері, клининг қызметтері, тамақтандыру қызметтері , қызметкерлерді тасымалдау қызметтері, такси қызметтері, ҚТҚ кәдеге жарату жөніндегі қызметтер, кір (арнайы киім) жуу қызметтері , автокөлік жуу қызметтері, әуе және тж билеттерін ресімдеу жөніндегі қызметтер , қонақүй қызметтері, аударма қызметтері, кеңсе тауарлары , азық-түлік тауарлары, шаруашылық тауарлары
- Металл және металл бұйымдары
- Білдектер және өндірістік жабдықтар
Маркетингтік зерттеулер қызметтері, дизайн, баспа өнімдері, сыртқы жарнама, іс-шараларды ұйымдастыру
- Құрылыс
Құрылыс жұмыстарын көрсету, құрылыс материалдарын жеткізу
Borusan CAT Қазақстан сенімді және құзыретті серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық құруға ұмтылады. Барлық мүдделі жеткізушілер өз ұсыныстарын поштаға жібере алады
Өтінімді беру жолы:
- Өз өтінішіңізді bmk-procurement@borusan.com электрондық пошта мекенжайына жолдаңыз
- Өзіңіз ұсынатын тауардың/көрсететін қызметтің санатын көрсете отырып, жеткізушіні тіркеу нысанын (тіркемеде) толтырыңыз
- Компанияңыз туралы қысқаша презентацияны, каталогті, сондай-ақ біліктілік пен тәжірибені растайтын барлық қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз
- Прикрепите краткую презентацию о вашей компании, каталог, а также все необходимые документы, подтверждающие квалификацию и опыт.
Байланыс ақпараты:
Егер сұрағыңыз болса немесе қосымша ақпарат қажет болса, біздің сатып алу бөліміне [call center телефонының нөмірі] нөмірі арқылы хабарласыңыз немесе bmk-procurement@borusan.com электрондық пошта мекенжайына хат жолдаңыз
Біз сізге Borusan CAT Қазақстанмен ынтымақтастық құруға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз және табысты әрі жемісті өзара әрекеттестіктен үміттіміз!