Компания туралы

Borusan Cat ҚазақстанBorusan Group үлкен түрік конгломератының бір бөлігі және Caterpillar® компаниясының ресми дилері. 25 жылдан астам уақыт бойы "Біз әлемді жақсарту үшін шешімдер құрамыз" деген компанияның корпоративтік мақсатымен құрылыс, тау-кен, энергетика және күштік қондырғылар сияқты салаларда табысты жұмыс істеп келеді.

Қызметтің негізгі бағыттары:
Сату / Сатудан кейінгі қызмет көрсету (сервис) - Қалпына келтіру / Қолданыста болған техника және жалдау. Бүгінгі таңда компанияда 1400 қызметкер, 22 филиал, 25 қойма жұмыс істейді. Сонымен қатар Қарағанды қаласында ТМД елдеріндегі ең ірі, ал бүкіл әлем бойынша 300-ден астам, EAM аймақтарында 140 КҚКО мен шеберханалар арасында 16-шы сертификатталған Компоненттерді қалпына келтіру орталығы (КҚКО) жұмыс істейді. Сондай-ақ Алматыда 1 жөндеу шеберханасы бар. Компания цифрлық технологияларды белсенді енгізуде, дәстүрлі бизнес-процестерді түрлендіруде және өз клиенттері үшін инновациялық шешімдерді ұсынып келеді.

Тең мүмкіндіктер саясаты:
2015 жылдан бастап компанияда Borusan Group басшылығымен құрылған "Equal Borusan/Тең Борусан» әлеуметтік теңдік платформасы бар. Оны құрудағы мақсаты - Borusan жүйесінде корпоративтік және жеке деңгейлерде теңдікті қамтамасыз ету. Бұл бастама әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, оларға компания жұмысының барлық саласында білікті маман болуға мүмкіндік береді. Оқу, даму және мансаптық өсу әр қызметкерге қолжетімді.

*Borusan Cat Түркияда құрылған және өз қызметін Кавказ, Орталық Азия елдерінде (Түркия/Грузия/Әзірбайжан/Қазақстан/Қырғызстан) жүзеге асырады және Caterpillar компаниясының 160 дилерінің бірі болып табылады. Компания өз бизнесін «адамдар, климат және инновациялар» шеңберінде жүргізеді, сондай-ақ тұрақты дамуды өз бизнесінің орталығына қояды. Borusan Cat 3 салада жұмыс істейді: құрылыс, тау-кен, энергетика және күштік қондырғылар.

Цель компании: