Біз ұзартылған кепілдіктің үш түрін ұсынамыз
EPP ұзартылған кепілдігі:
- Трансмиссия. Қозғалтқыштың қуатын өндіретін, тасымалдайтын немесе бақылайтын компоненттердің қосымша кепілдігі.
- Трансмиссия және гидравликалық жүйе. «Трансмиссия» деңгейіндегі компоненттердің және меңгерікті басқару мен жұмыс құрылғысының гидравликалық жетегімен байланысқан тораптардың қосымша кепілдігі.
- Премьер. «Трансмиссия, Гидравлика» деңгейінің компоненттерінің, сондай-ақ электроқұрылғылар мен басқа да жүйелердің қосымша кепілдігі.
Жаңа машинаның қосымша кепілдігінің мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін және 1000 сағаттан 10 000 сағатқа дейін болуы мүмкін (моделіне байланысты) Қолданыста болған машинаның қосымша кепілдігі 3 айдан 5 жылға дейін және 500 сағаттан 10 000 сағатқа дейін болуы мүмкін (моделіне, қолданыста болу ұзақтығына және мотосағат (SMU) көрсеткішіне байланысты). «Премьер» нұсқасы тек жаңа машиналарға ғана қолданылады.
EPP тапсырыс берушілер үшін негізгі артықтықшылықтары
Жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды азайту
Стандартты кепілдік мерзімі аяқталған кезде құрылғыны қорғау мақсатындағы ұзағырақ кепілдік
Құрылғының тұрып қалуын болдырмау
Жөндеу жұмыстарын тек түпнұсқадағы Cat қосымша бөлшектерін қолдану арқылы жүргізу
Жөндеу жұмыстары жайлы толыққанды құжатталған мәліметтер
Құрылғыны кредитке алу көмегімен қаржыландыру мүмкіндігі
Жөндеу жұмыстарын ресми Cat дилеры ғана орындайды